Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

ТЖД елордада жұмыс күнін қысқартуға кеңес берді

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 07:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық құтқарушылар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс кестесін қайта қарауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан ТЖД-ға сілтеме жасап.

Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады.

Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салайық, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордада 0-12 сыныптар үшін бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ, қаладан шықпауға, қоғамдық көліктермен жүруге кеңес берілді.



Жоғары қарай