Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Бәріміз бір үйдің баласындай тәртіпке бағынуымыз керек

2020 жылдың 1 сәуір 2020 12:13

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Ақын, әдебиетші Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде коронавирусқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі айтып берді. Президенттің бастамаларын қолдаймыз. Азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетіні, дәрігерлерге қолдау көрсетілетіні әсте дұрыс. Тауар бағасының қымбаттамауын бақылауға алу да күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда кәсіпкерлер жеке пайданы ғана ойлап, адамгершіліктен аттамағаны абзал», - дейді ақын.

Оның айтуынша, халық арасында төтенше жағдай режимін бұзып жатқандар бірінші кезекте өз жақындарының денсаулығын ойлаулары тиіс.

«Бұл да бір қиыншылық, уақытша сынақ. Осындай сәттерде ауызбіршілік танытқанымыз жөн. Бәріміз бір үйдің баласындай тәртіпке бағынуымыз керек. Сонда ғана жер-жаһанды жалмаған жұқпалы індетті жеңе аламыз», - дейді Тыныштықбек Әбдікәкімұлы.

Өз сөзінде ол Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

«Төтенше жағдай кезінде өңірімізде жаңа шектеулер енгізіліп жатыр. Бұл халықтың бей-берекет жүріп-тұруын тыю үшін қолға алынған шара. Енді барша жерлестерімді үйде отыруға, сол шектеулерді қатаң сақтауға шақырамын», - дейді әдебиетші.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.



Фото: madeniportal.kz


Жоғары қарай