Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Twitter саяси жарнамаға тыйым салды

2019 жылдың 7 қараша 2019 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Twitter саяси жарнамадан бас тартты, бұл әлеуметтік желінің саясатқа әсеріне қалай әсер етеді?» деп жазады Vox.

Twitter-дің бас директоры Джек Дорси 30 қазан күні 2019 жылдың қараша айының соңында платформада саяси жарнамаға тыйым салынатынын мәлімдеді. Яғни, енді әлеуметтік желі қолданушылары кампаниялардың жарнамасы мен белгілі бір саяси пробеламаларды көрмейтін болады.

«Бұл қадам саясаткерлерге әлеуметтік желіде өтірік айтуға кедергі келтіреді деп күтілуде. Кейбірі Дорсидің бұл шешімін Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукербергке тікелей жауап деп бағалап отыр. Жақында ол Facebook саяси жарнаманы шектемейтінін айтқан еді», деп жазады басылым.

Айта кету керек, 2018 жылы Twitter саяси жарнамадан кемінде 3 миллион доллар пайда тапқан. Дегенмен, биылғы жылдың бір кварталында 700 млн доллар табыс түскен. Яғни, бұл шешімнен Twitter ешқандай шығынға ұшырамайды.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Интернет, Әлем,
Жоғары қарай