Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Тұрмысымызды жақсартуға мемлекет ғана емес, өзіміз де мүдделі болуымыз керек- Роман Чеп

2019 жылдың 27 маусым 2019 15:17 757

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Балалар үйінің тәрбиеленушісі, көкшетаулық Роман Чеп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған ел азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы Жарлыққа қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың банктен несие алып, қарызға батқан азаматтарымыздың жағдайына бей-жай қарай алмайтынына көз жеткіздік. Президенттің Жарлыққа қол қоюының мақсаты- қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беру. Расында да, бүгінгі күні көп адамдардың басында бір емес, бірнеше несиеден бар.  Әрине, адамдар еріккеннен несие алмайды, барлығы күнкөрістің қамы. Күнкөріс. күнкөріс деп жүргенде қалай қарызға батқанын білмей қалады. Содан отбасының берекесі кетіп, тіпті кейбірінің шаңырақтары ортасына түсіп жатқаны жасырын емес. Өз басым талай адамның банкке несие төлей алмай банктен бас сауғалап жүргенін көргенмін. Тіпті, кейбіріне осындай проблемадан кейін банктер екінші рет есігінен де сығалатпайды.  Бұл әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларда жиі кездесетін жағдай. Соны түсінген  Қасым-Жомарт Тоқаев  әлеуметтік көмек көрсету туралы өте дұрыс шешім қабылдап отыр. Бұл біздерді ерекше қуантып отыр», - дейді жас отағасы.

Роман Чеп 2013 жылы балалар үйінен үлкен өмірге жолдама алған екен. Бүгінде өзі екі баланың әкесі. Осыған дейін оның да басында бірнеше несие болыпты. Жақында мемлекеттік бағдарламаның көмегі арқасында жаңа пәтерге қол жеткізген. Оның әлеуметтік көмек тұрғысындағы мемлекет саясатына деген ризашылығын мол.

«Осыған дейін баспана жалдап жүрген кезімде менің де басымда бірнеше несие болды. Азғана айлығың пәтер жалдауға кетсе, ішетін тамағың мен киіміңді несиеге аласың. Одан басқа амал жоқ. Қазақта аталы сөз бар ғой, «Үйі жоқтың күй жоқ» деген. Бүгінгі күні баспанасыз жүрген кез-келген отбасының жағдайы осындай. Жақында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен Көкшетау қаласының Сарыарқа шағынауданында жаңадан салынған тұрғын үйден екі бөлмелі пәтер алдым. Мұны мен мемлекеттің қазақстандықтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жасап жатқан шаралардың  нәтижесі деп білемін. Тұрмысымыз жақсарып, әл-ауқатымыздың артуына мемлекет ғана емес, өзімізде атсалсуымыз керек», дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. 

 

 

Жоғары қарай