Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жас таланттарға қолдау көрсетіледі – «Достар дауысы» жобасының авторы

2020 жылдың 27 ақпан 2020 13:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл республикалық «Достар дауысы» байқауына -20 жыл. Осы уақыт аралығында бұл жоба мыңдаған өнерлі балалардың жұлдызын жақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар дауысы» жобасы – «Қуырмаш», «Өнерлі бала – сүйкімді», «Әп бәрекелді» сынды атаулармен 1995-1996 жылдары «Алатау» теларнасының эфирінен шыққан балалар музыкалық бағдарламасының жалғасы.

2000 жылдан бері жоба халықаралық деңгейде «Достар дауысы» атауымен жемісті жұмыс істеп келеді. 4 өнер жанрынан құралған сайыс – қазақ ұлтының мәдениетінен сыр шертеді. Ұмыт қалған дәстүрді жаңғыртып, өнерліні анықтайды. Нағыз дарындыны дамытып, көпшіліктің алдында танымалдылық сыйлайтын байқау бүгінде талай талантты түлеткен.

«Достар дауысы» байқауының мақсаты – жас таланттарды табу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, өнерін дамыту, үлкен сахнаға алып шығу. Бұл орайда біздің шығармашылық топ аянбай еңбек етуде. Осы жиырма жыл ішінде біз Испания, Швеция, Италия, Болгария, Ресей, Мысыр, Грекия, Венгрия, тіпті Балтық маңы елдерінен І,ІІ,ІІІ дәрежелі 3000 лауреат, І,ІІ,ІІІ дәрежелі 3500 дипломант, 35 бас жүлде иегерін дайындап шықтық»,– дейді байқау авторы Қалкен Қасымбеков.

Оның айтуынша, «Тасада қалған тұлғалар» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан талантты балаларға қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, «Достар дауысы» байқауының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт 29 ақпан күні Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өтеді. Оған 200-ден астам жас өрен қатысады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай