Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Тұрмыстық қалдықты сұрыптау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек – Сергей Юрча

2019 жылдың 30 қазан 2019 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрмыстық қалдықты сұрыптау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы елордада «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен Франция Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының форумында «Оператор ӨКМ» бас директоры Сергей Юрча мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ӨКМ – «өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» дегенді білдіреді. Біз тауардарды көлік құралдары мен көлік құралдарының жеке компонеттері және үй шаруасындағы қаптамалар, электрлік электронды құрылғылар деп екіге бөлеміз», - дейді «Оператор ӨКМ» бас директоры Сергей Юрча.

Ол үйдегі тұрмыстық қалдықтар контейнерге сұрыпталмаған күйде салынатынын айтты.

«Үйдегі тұрмыстық қалдықтарды қоқыс контейнеріне араласқан күйде тастайды. Сол араласқан күйі полигонға немесе сұрыптау желісіне жеткізіледі. Сондай-ақ, біз қалдықтарды бөлек-бөлек жинау бойынша да жұмыс істейміз. Былтыр елімізде қалдықтарды бөлек-бөлек салуға арналған 9 мыңнан астам контейнер қойылды. Биыл бұл контейнерлер үш есе аз қойылды және жыл соңына дейін тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын 17 орын бар. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау бастамасы жүзеге асуы үшін бұл туралы адамдарға айтып, соны ішінде мектептерді аралап, оқушыларға тұрмыстық қатты қалдықтар жиналып қалған кезде не болатыны туралы түсіндіріп, практика жүзінде көрсетуіміз керек», - дейді Сергей Юрча.

Айта кетсек, ӨКМ стратегиялық мақсаты – пайдалану тиімділігін арттыру және жаңартылмайтын табиғи ресурстардың тұтынылуын азайту арқылы тұрақты өндірістік-тұтыну жүйелерінің дамуы.

Еске сала кетсек, жиында Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екендігін дәлелдеуі керек деген пікір айтты.







Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Экология,
Жоғары қарай