Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Түрксіб ауданындағы 20 мың үй орталық  су және кәріз  жүйесіне қосылмаған

2019 жылдың 27 тамыз 2019 15:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Түрксіб ауданындағы басты проблемалардың бірі -сумен жабдықтау және кәріз жүйесі. Олар орталықтандырылған жүйеге қосылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрксіб ауданында 25 мыңнан астам жер үй бар. Олардың 20 мыңы орталық су және кәріз жүйесіне қосылмаған.

«Жас қанат» мөлтекауданына келер болсақ , онда 530 жер үй бар. Мұндағы проблема тұрғындарды орталықтандырылған су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету болып тұр. Бүгінде барлық үй иелері өздері скважина қазып алған. Бұл мәселе бойынша қала әкімі бізге тапсырма берді. Қазір жобалау-сметалық құжаты дайындалып жатыр. Мәселе алдағы уақытта шешілетін болады»,- деді әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин.


Жоғары қарай