Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Түркияда MÜSİAD EXPO халықаралық көрмесі өтеді

2018 жылдың 12 қазан 2018 17:14 288

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында 17-ші MÜSİAD EXPO халықаралық көрмесі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.

Әр екі жыл сайын бір рет денсаулық сақтау, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азық-түлік, текстиль, машина өндірісі, IT технологиялары т.б. салаларындағы әлемнің ең үздік кәсіпорындары және кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін бұл халықаралық шараға Түркия билігі қолдау көрсетіп келеді.

MÜSİAD EXPO-ның мақсаты - әлемдегі үздік компаниялар мен көшбасшы кәсіпкерлер  арасында жаһандық бизнес желісін орнату, әлемдік нарықтың көшбасшыларын анықтау, шағын және орта бизнесті нығайтып, олардың өркендеуін қамтамасыз ету. Аталған көрме әлемдік деңгейдегі ең үздік экспо орталықтарының бірі болып саналатын «CNR İstanbul» кешенінде өтеді.

Оған таңдаулы 848 шетелдік және 200-ден астам түрік компаниялары қатысып, төрт жүзден астам ірі компания басышыларының қатысуымен B2B форматтағы кездесулер ұйымдастырылады.

 аясында денсаулық сақтау, құрылыс және құрылыс заттары, жылжымайтын мүлік, текстиль, машина өнеркәсібі, туризм, медиа, азық-түлік, логистика, жиһаз өнеркәсібі, IT, оқыту-ағарту, энергетика секілді 25 негізгі сектор бойынша 24 елден келетін 450+ шетелдік және түрік компаниялары «B2B» кездесулерін өткізеді.

17-ші MÜSİAD EXPO кезінде, яғни, 21-24 қараша күндері CNR İstanbul кешенінде халықаралық көрмемен қатар, қорғаныс пен аэроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған MÜSİAD HIGH-TECH  PORT көрмесі мен 22-ші халықаралық бинес форум өтетін болады.

MÜSİAD HIGH-TECH  PORT көрмесі шеңберінде Қатар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Куввейт, Оман, Иордания, Марокко, Тунис, Алжир, Нигерия, Оңтүстік Африка, Бразилия, Чили, Колумбия, Индонезия, Малайзия, Пакистанның қарулы күштері мен қорғаныс министрліктері тәжірибе бөлісіп, салалық әріптестік бойынша келіссөздер жүргізетін болады.



null

 

 

Басты сөздер: Түркия, Қоғам,
Жоғары қарай