Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Түркияда автобус өртеніп, бес адам қаза тапты

2019 жылдың 3 тамыз 2019 03:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның солтүстік батысындағы Балыкесир провинциясында жолаушылар автобусы өртеніп, кем дегенде бес адам мерт болды, деп хабарлайды Hurriyet газеті.

Басылымның деректеріне қарағанда, автобус өртенген кезде оның ішінде 37 адам болған. Барлық зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісі ұсталды.

«Салонда кофемашина жана бастаған шақта жүргізуші тоқтап, жолаушылардың автобустан асықпай түсулерін сұраған», - деген провинция мэрінің сөзін келтіреді басылым.

Қатты үрейленген адамдар бірін-бірі жаныштай, сығылыса сыртқа ұмтылған.

Алдын ала болжам бойынша, бес адамның өлімі газға улану салдарынан болған.

Басты сөздер: Түркия, Оқиға,
Жоғары қарай