Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Түркияда 1999 жылғы жер сілкінісі құрбандарын еске алды

2019 жылдың 17 тамыз 2019 13:34

ҚОЖАЕЛІ. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияда 1999 жылғы 17 тамызда болған алапат зілзала құрбандарын еске алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Еске алу шаралары Ялова, Қожаелі, Сакарья провинцияларында өтті.

Қожаелінің Гельджук ауданында түнгі 03:02-де бір минуттық үнсіздік орнады. Каваклы ауданында зілзала құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.




Осыдан жиырма жыл бұрын, 1999 жылдың 17 тамызына қараған түнде жергілікті уақыт бойынша сағат 03:02-де Мәрмәр теңізінің жағалауында 7,7 балдық қуатты жер сілкінісі болды.

Зілзала Измит қаласын жермен-жексен етті, Ыстанбұл жарықсыз қалды, ал жергілікті мұнай өңдеу зауыты отқа оранды.

Апат салдарынан 10 мыңнан астам адам қаза тапты, 25 мың адам зардап шегіп, 600 мыңдай адам баспанасынан айырылды.





Басты сөздер: Түркия, Оқиға,
Жоғары қарай