Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түркия Босфор бұғазын жапты

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 16:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі сейсенбі, 8 қаңтар күні толассыз жауған қар мен жолдың көрінбеуі салдарынан кемелер өтетін Босфор бұғазын жапты. Бұл туралы ҚазАқпарат GAC Shipping Turkey порт операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталып өтілгендей, әзірге бұғаз арқылы кемелердің қозғалысына қашан рұқсат етілетіні белгісіз.

Босфор және Дарданелл бұғаздары - Қара теңіз порты арқылы мұнай мен астық экспортталатын маңызды транзиттік нүкте. Жыл сайын олар арқылы 120 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданады.

Басты сөздер: Оқиға, Түркия,
Жоғары қарай