Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

«Түркістанға оралу» атты түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтіп жатыр

2019 жылдың 23 сәуір 2019 20:56 874

  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда алғаш рет «Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін басталған фестивальдегі концертте түркітілдес халықтарының этнофольклорлық ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері де көрермен назарына ұсынылды.

null  

Айтулы шара «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер одағының ІV Бас ассамблеясы мен Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірігіп ұйымдастырылды.

«Этно-өнер фестивалінің басты мақсаты - түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыс пен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізу, дауыстық және аспаптық шығармашылықтың өркендеуіне, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрлардың жаңғыруына және дамуына, қолдау көрсету, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және дәстүрлі өнерді насихаттау болып табылады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өнерпаздардың басын қосқан мерекелік концерт ертең гала-концертпен аяқталады.

null  

null 

null 

null 

null 

Жоғары қарай