Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Түркістандық студенттер «WorldSkills Kazakhstan-2019» чемпионатында топ жарды

2019 жылдың 18 қараша 2019 17:27

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында өткен еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионатында түркістандықтар топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – жастарға кәсіптік бағдар беру, ел экономикасын дамыту барысында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастығын құру және халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған байқауға қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен келген 425 студент 38 түрлі мамандық бойынша жұмыс дағдылары деңгейімен сайысты. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы-төрешілер бағалады.

Тәуелсіздік сарайындағы «WorldSkills Kazakhstan-2019» жұмыс алаңқайларында Түркістан облысының ТжКБ ұйымдарының студент жастары 17 құзыреттілік бойынша өз ісінде «Үздік» атағын қорғап, жүлдегер атанды.










Күнгей жастары білім мен дағды, қабілет пен білікті танытатын «WorldSkills Kazakhstan-2019» бесінші республикалық чемпионатында өз шеберліктерін көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте үштікті түйіндеді.



















Атап өтейік, Түркістан облысының әкімдігі мен кәсіптік-техникалық мамандықты игеруге бағытталған колледждер және әлеуметтік әріптестер бірлесе отырып, білікті мамандар даярлап, облысты өнеркәсіптік хаб орталығына айналдыруды мақсат етіп отыр. Осы орайда, 65 колледждің 36-ы дуальды оқытуды іске асырып, 4333 студентті қамтып отыр. Аталған жүйе бойынша мамандар даярлайтын 4 колледжді өңірдегі ірі компанияларға сенімгерлік басқаруға беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоғары қарай