Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Түркістандық полицейлер 20 мыңнан аса халықтың арыз-шағымын тыңдады

2019 жылдың 16 қараша 2019 21:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында полицейлер 20 мыңнан аса тұрғынның арыз-шағымын тыңдады. Азаматтар өз уәжін сәуір айында бастау алған «Жолда қабылдау» акциясы аясында жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, акция аясында көмекке жүгінгендердің мәселелері жедел түрде шешілген. Ал, қараша айында кезекті рет өткен акция барысында облыс орталығындағы көшелерге бейнебақылау камералары орнатылған. Түрлі құқық бұзу фактілерінің алдын алатын жұмыстар жандануда. Жүргізушілердің өрескел заңбұзушылықтары әп-сәтте тіркеліп, айыппұл салынып отырады.

Кезекті акцияға келген тұрғындардың басым көпшілігі осы сынды мәселелелерін полицейлерге жеткізген. Кезексіз кез келген тұрғынды қабылдаған тәртіп сақшылары азаматтардың мәселелерінің тез арада шешілуіне сеп болуда.

Одан бөлек әлеуметтік желідегі департаменттің ресми парақшаларында осы сарынды сұрақтар көптеп кездесіп, нақты жауаптар берілді. Өз кезегінде тікелей қабылдау жүргізген Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев мұндай акцияны ұйымдастырудың халық үшін пайдасы зор екенін, халықпен қарым-қатынасты күшейтетінін атап өтті.

Айта кетейік, өңірдегі барлық қала-аудандардың және Түркістан қаласының 2 мөлтек ауданында «Аулада қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Жоғары қарай