Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Түркістандық диқандар алғашқы өнімдерін ала бастады

2019 жылдың 15 сәуір 2019 22:58 673

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары биылғы алғашқы өнімін ала бастады. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда Атамекен ауыл округінде қаңтар айында егілген қырыққабат жиналып, Ресейге экспортталуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері алғашқы егістік алқапта болып, шаруалардың жай-күйімен танысты.

Жетісайлық диқандар биылғы шаруашылық жұмыстардың нәтижесі  табысты басталғанын айтуда.

«Қырыққабатты 10 қаңтар күні ектік. Жабындыны доға етіп жаптық. Арнайы дәрумендерін бердік. Қазір 40 адамнан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қырыққабаттың  келісі 210 теңгеге бағалануда. Бұл жетісайлықтар  үшін рекордтық баға. 3 гектар жерге 80 мың түп Кевин және Фараон көшеттерін отырғыздық. Алғашқы терімде-ақ 20 тонна өнімді Ресей мемлекетіне жөнелтіп отырмыз», - деді «Ықылас» шаруа қожалығының төрағасы Араб Рәтов.


null 

 Биыл ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды. Қазірдің өзінде 40 мың гектар жер жыртылып, 25 мыңнан астам гектар жер қопсытылды.  Биыл аудан бойынша 45 мың гектарға мақта шитін себу көзделген. Мамандар биыл жанар-жағармай мен тыңайтқыштардан тапшылық болмайтынын айтуда.

 

 

 

Жоғары қарай