Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түркістандық 17 оқушы сыйлық сертификаттарына ие болды

2019 жылдың 13 қараша 2019 22:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда тұрмысы төмен отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 17 оқушы сыйлық сертификаттарына ие болды. Бұл жасөспірімдер енді рухани шаһардағы «GLOBUS» балаларды дамыту орталығында өздері қалаған сабақтарынан қосымша білім алып және түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құны 84 мың теңге тұратын сертификатты тапсыру шарасы «Отбасы Академиясы» Қоғамдық қорының «Өнеге» жобасы аясында ұйымдастырылды.




«Маусым айынан бастап қиын жағдайға түскен отбасылармен жұмыс істеп келеміз. Осы мақсатта 25 жанұяға көмек қолын создық. 125 кеңес, 27 тренинг, 3 шеберлік сағаты және 2 кездесу өткіздік. Іс-шараға балалармен түрлі саланың қызметкерлері қатысқан болатын», – дейді облыстық іскер әйелдер ұйымының төрайымы Б.Жандосова.

Ұйымның төрайымы білімпаздарға елдің ертеңі жас ұрпақтың қолында екендігін айтып, білім көкжиегін кеңітетін бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. Ал, «GLOBUS» балаларды дамыту орталығының директоры Айпері Бекболатова келушілерді мекеменің жұмысының тыныс-тіршілігімен таныстырып, жас өрендерге үйірмелерді көрсетті. Айта кетейік, 2017 жылы ашылған орталық бүгінде 250-ге жуық оқушыға қосымша дәріс береді. Жеткен жетістіктері де жаман емес. Қай сабақтан үлгерімді ілгерілету және қай үйірмеге қызығушылық басым бұл таңдау оқушылардың өз еркінде болмақ.










Жоғары қарай