Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Түркістандағы құрылыс жұмыстары тәулік бойына жүргізілсін - Асқар Мамин

2019 жылдың 26 сәуір 2019 20:46 771

 ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы құрылыс жұмыстары екі апта ішінде тәулік бойына жүргізілетін болды. Бүгін Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының нысандарды аралау қорытындысы бойынша өткен жиында  Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев Түркістан қаласының көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, энергиямен, газбен және жылумен қамту желілерін дамыту туралы баяндады. Түркістан қаласындағы нысандарды жүзеге асыруға жауапты Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларының есептері тыңдалды.

null 

Түркістан қаласының аумағындағы жекелеген нысандардың әлемдік маңызын ескере отырып, кеңеске халықаралық сарапшылар тобының мүшелері де қатысты. Дүниежүзілік мұра объектілерін сақтаудың жай-күйін бағалау бойынша Ескерткіштер мен объектілер жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) аға сарапшысы, профессор Михаэль Янсен (Германия), CIPA мұра құжаттары жөніндегі ғылыми комитетінің ICOMOS сарапшысы, доктор Она Вилейкис Тамайо (Канада) қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы сарапшылармен бірлесіп, Қ. А. Яссауи ескерткішінің жағдайы мен бекініс қабырғасын қайта қалпына келтіру және реставрациялау жұмыстарының зерделеніп жатқанын мәлімдеді.



null   

null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай