Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түркістандағы қоғамдық көліктер жаңартылуда

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 14:44

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, аталған тасымалдаушы мекеме Ютонг маркалы 8,5 метрлік 16 жаңа автобус сатып алған болатын, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 5 жаңа автобус бағытқа қосылды. Жаңа автобустарда кондиционер, электронды табло, жарнамалық монитор және камералар орнатылған.




Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.








Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай