Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Түркістандағы Арбатқа Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

2019 жылдың 21 наурыз 2019 16:20

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілікке қалдыру үшін облыс орталықтарындағы негізгі көшелердің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы бастамасы қаралды.

Сессия шешімі бойынша облыс орталығындағы Арбатқа Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілу туралы ұсыныс айтылып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Түркістан қаласындағы Арбатқа Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.




null

Ол Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, 2018 жылдың маусым айында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы Жарлық шығарған болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қарқынды түрде дамып келеді. Қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.




null

Жоғары қарай