Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түркістанда жолақы жақын арада қымбаттамайды

2019 жылдың 16 сәуір 2019 19:58

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда қоғамдық бағыттағы көліктер жыл соңына дейін толығымен үлкен автобустарға алмастырылмақ. Қазіргі уақытта 25 млн теңге тұратын «Yutong» маркалы 11 автобус халық игілігіне қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында су жаңа көліктер №4 «А» және №30 бағыттарға шығарылды. Ертеңгі күннен бастап қалған автобустар №4, №5, №7, №10 №31 бағытында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

«Кестеге сай күнделікті 270 қоғамдық көлік түркістандықтарға қызмет көрсетеді. Сапалы қызмет, тұрғындарға жайлылық сыйлау мақсатында шағын автобустардың орнына Қытай ХР-нан 2018 жылы шығарылған үлкен автобустар сатып алдық. Евро-5 үлгідегі, яғни таза экологиялық автобустардың сиымдылығы 54 орынға лайықталған. Мамыр айында тағы да 10 автобусқа қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», - деді «Жолаушы» ЖШС мекемесінің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлы.




null

Өз кезегінде қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесінің басшысы Байдулла Оразбеков жақын арада жолақыға бағасына қатысты еш алаңдауға негіз жоқ екендігін айтты. Оның сөзінше жолақы құны қымбаттамайды.




null


null

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Қоғам, Түркістан облысы,
Жоғары қарай