Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістанда үстел теннисінен ел кубогы сарапқа салынды

2019 жылдың 22 қазан 2019 01:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде үстел теннисінен ересектер арасында Қазақстан Республикасы кубогын сарапқа салған жарыс өтіп жатыр. Түркістан облысында тұңғыш рет жалауы көтерілген сайысқа еліміздің барлық аймағынан 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған жарысқа елімізден 11 команда қатысып, өзара шеберліктерін байқауда. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы үстел теннисі федерациясының президенті Балтабай Құрбанов жарысқа қатысушы өрендерді құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Тұңғыш рет жалауы көтерілген жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Түркістан облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің директоры Шадияр Қондыбаев бұл тартысты сайыста жеңімпаз атаған спортшылар, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететінін атап өтті. Байрақты бәсекеге арнайы келген Үстел теннисінен ұлттық құраманың басшысы Дәулет Болатұлы мұндай жарыстарды көп өткізу арқылы еліміздің спортының дамуына мол үлес қосатынын айтып өтті. Енді тартысқа толы жарыстың жеңімпаздары сайыстың екінші күні белгілі болады.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Жоғары қарай