Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Түркістанда оқушылардың жаппай төбелесіне қатысты сот отырысы басталды

2019 жылдың 15 сәуір 2019 19:41 747

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Түркістан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаға жыртыстың арасында болды деген төрт оқушыға қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Төрт оқушыға ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық жасау») бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс Түркістан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне биылғы 3 сәуірде түскен.

«Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы - кәмелетке толмағандар Түркістан қаласында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық жасаған. Яғни кәмелет жасына толмаған жәбірленушілерге күш қолданған. Алғашқы сот отырысы бүгін, 15 сәуір күні Түркістан қаласы №18 мектептің акт залында, яғни көшпелі сот отырысында қаралды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік желіде оқушылардың бір-біріне жасаған озбырлығы түсірілген видео тарап кеткен болатын. Онда бір топ оқушы өздерінің қатарластарына әлімжеттік жасап, ойына келгенін жасауға тырысқаны көрінеді. Әуелі олар жеткіншектердің тілін темекімен күйдірмек болады. Кейіннен бұзақылық оқиғасы Түркістан қаласындағы 4-мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта болғаны анықталған. Оқушыларды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. 

 

 

Жоғары қарай