Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Түркістанда қаланы көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 11:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының экологтары тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға деген экологиялық мәдениетті арттыруға, қаланы таза ұстауға шақырды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қалада 350 түп шаған, үйеңкі, талшын көшеттерін отырғызды. Қаладағы бірнеше көшеде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылып жатыр.









Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру үшін аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар жұмылдырылып, шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жұмыс барысы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалық етуімен өткен жиында ортаға салынды.





Онда аудан, қала әкімдіктері мен барлық жауапты басқарма басшылары мәжілісте бас қосты. Қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді жоспарды талқылау барысында атмосфералық ластаушы заттардың шығарылуын азайту, қаланы газбен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және жасыл белдеуді дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар сынды өзекті мәселелер жайлы айтылды.

Жиын қорытындысымен біршама тапсырмалар беріліп, кешенді іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алу және жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру тапсырылды.






Басты сөздер: Түркістан облысы, Экология,
Жоғары қарай