Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Түркістанда балалар ауылының тәрбиеленушілері футбол турниріне қатысты

2019 жылдың 14 қазан 2019 04:46

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Мейірімділік нұры» акциясы аясында шағын футболдан ашық турнир өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен өткен доп додасы ересектер мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың өмірге деген ынта-жігерін арттырып, қоғаммен етене араласуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Спорттық шараға жалпы саны 6 құрама команда қатысты.

Олардың қатарында «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері мен Сайрам ауданында орналасқан №68 С.Датұлы және №24 М.Махажанов атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Департаменттерінің қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының ардагерлері бар.

Жарыс барысында өзара бақ сынасқан қарсылас командалар есептерінің ұпайын еселетуге тырысты. Нәтижесінде жасыл алаңда жүйріктік танытқан қос команда финалда сынға түсіп, басты кубокты сарапқа салды.

Озық ойын өрнегін көрсеткен Сайрам ауданындағы С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары жоғары есептік көрсеткішке ие болып, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері екінші орынды еншілесе, үздік үштікті Арыс қаласындағы балалар ауылының тәрбиеленушілері иеленді. Департамент қызметкерлері алдағы уақытта да «Мейірімділік нұры» акциясы аясында балалар ауылының тәрбиеленушілеріне өңірдің тарихи орталықтары мен ойын-сауық орталықтарына экскурциялық кездесулер ұйымдастырып, оларды шаттық шуағына кенелтуге өз үлестерін қоспақ.

Жоғары қарай