Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Түркістанда ауыл шаруашылығы саласы озық технологияларының көрмесі өтті

2019 жылдың 21 сәуір 2019 21:09

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары» атты көрме өтті.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған топ ең алдымен ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде көпшілікке ауыл шаруашылығы өнімдері, асылтұқымды төрт түлік малдың түрлері мен заманауи техникалар ұсынылды. Сондай-ақ, шараға жиналған қауым шаруаларға сүт қабылдау бекеттерінің жұмысымен танысып, салмағы 1 тоннадан асатын «Абердин - ангус» бұқалары мен асылтұқымды қаракөл қойларының ерекше түрлерін тамашалады.




Көрмеде заманауи техникалармен жабдықталған ауыл шаруашылығына арналған арнайы машиналар мен құрал-жабдықтары көпшілік назарына ұсынылды. Техникалардың әлемге танымал Джон-Дир, Ламборджини, Самполев сынды тракторлары көрсетілді. Егін шаруашылығы бойынша минералды тыңайтқыштар, гербицид, пестицид және тағы басқа препараттар қойылды. Сонымен қатар, азық-түлік белдеуін құруға байланысты жаңбырлатып және тамшылатып суаруға арналған жылыжай кешені жабдықтарын шығаратын өндірушілер қатысты.




Бұдан өзге, асылтұқымды мал түрлерінің (қой, жылқы, бұқа, түйе) көрмесі ұйымдастырылды. Құс және балық өсіруде қолданылатын құрал-жабдықтарды өндіретін мекеме мамандары мен құрама жем және малға қажетті түрлі дәрумендер шығаратын зауыттардың, ветеринариялық дәрі-дәрмектердің барлық түрін және қолдан ұрықтандыру жабдықтарын шығаратын өндіріс орындары өз өнімдерін таныстырды.


Жоғары қарай