Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Түркістанда аурухананың бұрынғы бас дәрігері 38 млн теңге жымқырған

2019 жылдың 4 қазан 2019 17:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері 38,5 млн теңге ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аптада Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу нұсқасына сай, ол бюджеттен 38,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша ғимарат пен ауруханаға нысанының ағымдағы жөндеуі бойынша көрсетілетін қызмет сылтауымен үлестес компаниялар арқылы алынған», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла агенттікте өткен брифингте.

Еске сала кетсек, Шыңғыс Қабдолла бұған дейін Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарлаған болатын.

Осы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығаруды сұрап отыр.

Жоғары қарай