Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Түркістанда 2023 жылға дейін 4 млн аса көшет отырғызылады

2019 жылдың 16 қараша 2019 19:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтуде. Осы орайда қала 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті сенбілікті өткізуге облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын. Шараны қолдап, көне шаһарды жасыл желекке орауды мақсат тұтқан облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы, 16 аудан, қаладан 22 үкіметтік емес ұйым, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық этномәдени бірлестіктер өз үлесін қосты.







Сенбілікке қатысушылар Қарашық өзені аумағында арнайы көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан 5 учаскеде тал егіп, суару жұмыстарына атсалысты. Көгалдандыру жобасына сәйкес, биыл 180 мың түп көшет егу жоспарланып, бүгінгі күнге оның 130 мың данасы егілді. Облыс орталығын көркейту жұмыстары ары қарай да жалғасады.







Айта кетейік, бекітілген жоспарға сәйкес 2020 жылы қала ішіне 250 мың түп түрлі көшеттер егілмек. Қала сыртынан құрылатын Жасыл белдеуге 2019 - 2022 жылдары 7700 га аумаққа 3,5 млн түп, оның ішінде 2019 жылы 2300 гектарға 628 мың дана, 2020 жылы 2400 гектарға 1 млн дана, 2021-2022 жылдары 3000 гектарға 1,9 млн дана түп әртүрлі көшет егу жоспарланып, бұл игі іс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген.

Ал, жасыл белдеу құрылатын аумақтың 572 гектарына көктемде 160 мың көшет егілді. Қалған 1428 га аумаққа қазіргі күнде 468 мың түп әртүрлі көшет (қарағай, қарағаш, айлант, калифорния терегі, жиде, өрік, алма, алша, үйеңкі және басқалар ) егу жұмыстары басталды.













Жоғары қарай