Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Түркістанда 2 мың литр наурыз көже дайындалып, 500 келі бауырсақ үлестірілді

2019 жылдың 21 наурыз 2019 19:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Түркістан қаласында тойлады. «Есім хан» алаңында өткен мерекелік шарада өңірдің танымал өнерпаздары, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған жалпы 2000-ға жуық адам өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

«Түркістан облысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталды. Облысымызда әр күнге әртүрлі ат беріліп, мағыналы әрі мазмұнды іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер өтті. Көшеттер отырғызылып, қаланы көркейту жұмыстары жанданды. Ұлттық киім мен дәстүрлі ән-күйлеріміз насихатталды. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, баршаңызды Түркістанды гүлдендіруге үлес қосуға шақырамын. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген мақал бар. Бірлігіміз мықты, еліміз тыныш болса, Түркістанымыздың келешегі жарқын болатыны сөзсіз. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.




null

Мерекелік шарада жыл басының басталуын көрсететін театрландырылған қойылым қойылды. Сондай-ақ, этноауылда облыстағы аудан-қалалар киіз үйлер тігіп, ұлттық тағамдардан дастарқан жайылды. Жұртшылыққа 500 келі бауырсақ үлестірілді. Қонақтар үшін 2000 литр наурыз көже дайындалып, 1,5 тонна палау басылды. Одан бөлек, қолөнершілер жасаған түрлі ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.




null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null


null

Жоғары қарай