Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Түркістанда 100 мың түп ағаш отырғызылады

2019 жылдың 1 сәуір 2019 21:04

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері егіледі. Өткен жылы күзде қаланың негізгі көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына 46 000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6 жерден терең ұңғымалы скважина қазылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарланған ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге атсалысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік ұйымдар мен қала жастарының күшімен егілді.

Сонымен қатар, Түркістанның кіреберіс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды. Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.




null


null


null


null


null


null

Жоғары қарай