Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Түркістанда 10 гүлзар салынады

2019 жылдың 8 сәуір 2019 19:31 703

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің  тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланып отыр. Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту және қаланы суландыру, көгалдандыру мақсаты көзделген.

null 

Осыған сәйкес, негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Оның ішінде қалаға кіре берістегі  Б.Саттарханов даңғылы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттандырылып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар салынады.  Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміздер алаңы» осы гүлзарлармен жалғасатын болады.



null 

null 

null 

null 

 

Басты сөздер: Түркістан облысы, Экология,
Жоғары қарай