Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Түркістан: Түлкібасқа келетін туристер саны артты

2019 жылдың 14 тамыз 2019 05:15

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданына жыл басынан бері 6 мыңнан астам турист келген. Соның ішінде 473-і – шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршамызға белгілі орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақүй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орны: «Ақсу-Жабағылы оңалту-сауықтыру кешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита» және 18 демалыс аймағы демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Сонымен қатар Гүлдер, Водник балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаны биыл іске қосу жоспарланып отыр.

Жоғары қарай