Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Түркістан өңірі жайлы қос жинақтың тұсауы кесілді

2019 жылдың 20 наурыз 2019 12:00 432

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қос бірдей тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында кітап авторлары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхтар Қожа мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері Қазыбек Тәжиев өз туындылары туралы тарқатып айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жинақтардың  бірі - «Тамыры терең Түркістан» кітабы 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жарық көрген.  Екіншісі - «Түркістан облысындағы киелі жерлер географиясы» атымен шыққан төрт томдық туынды. Аталған кітаптар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында басылып отыр.

«Жинақтарды шығарудағы мақсат - ата-бабаларымыздың жатқан жерлерін, ескерусіз қалған есімдерді таныту. Сондай-ақ тарихи тұлғалар мен қасиетті жерлерге қатысты аңыз-әңгімелерді, ел арасындағы ауызша тарихты түгендеу», - дейді Қазыбек Тәжиев.

«Түркістан облысындағы киелі жерлер географиясының» алғашқы томында Түркістан мен Созақ аудандарында орналасқан нысандар жайлы мәліметтер енгізілген. Ал , «Тамыры терең Түркістан» атты ғылыми-танымдық альбомда рухани-мәдени, экономикалық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық, ішкі-сыртқы туризмдік, демографиялық әлеуеті суреттелген. Сондай-ақ, туындыда Түркістан өңірінің бүгінгі келбеті мен даму бағдары қамтылған.



null 

 

Жоғары қарай