Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жаңа басшы келді

2019 жылдың 1 тамыз 2019 17:37 263

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен ведомствоның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Хаким Көшқалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Х. Көшқалиев еңбек жолын слесарь маманынан бастап, түрлі салаларда атқарушылық қызметтерден департамент басшысына дейін бірқатар лауазымдарды атқарды. Ол прокуратура, әділет органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Штаб департаметінің басшысы қызметін атқарды», - деді ведомствоның Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

Мәлім болғандай, Хаким Көшқалиев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашып та үлгерген.

«Хаким Дүйсешұлы департамент қызметінде ашықтық, қолжетімділік, айқындылық пен адалдық қағидаттарын құруда облыс тұрғындарын тығыз қарым - қатынас орнатуға, жемқорлық фактілеріне мұқият назар аудара отырып, осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырады», - деді департаменттен.




Жоғары қарай