Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдерге экскурсия ұйымдастырды

2019 жылдың 27 сәуір 2019 20:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданының ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдерге «Қылмыстық жауапкершілік» атты танымдық экскурсия ұйымдастырды. Жастар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада профилактикалық есепте тұратын 21 жасөспірім тәртіп сақшыларының жұмыс орнын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер көршілес ауданда орналасқан уақытша ұстау изоляторымен, криминалистер және басқа да полиция қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерімен танысты. Күнделікті жұмыстарын көріп, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын іс-әрекеттер, қылмыстық жауапкершілікке тартылу және Қылмыстық кодексте қарастырылған тағы да басқа баптар туралы маңызды мағлұматтар алды.

Қамаудағы қылмыскердің шынайы өмірін жасөспірімдерге көрсету арқылы олардың болашақта заң бұзуға деген құлшынысын жоюға болады дейді полицейлер. Себебі, мұндай сипаттағы экскурсиялар енді ғана үлкен өмірге аяқ басып келе жатқан жастардың жаман жолға түсуіне жол бермей, тоқтау салуы ғажап емес. Полицейлер тарапынан арнайы жасөспірімдер үшін ұйымдастырылған саяхатқа қатысқан жастар полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Экскурсия соңында полиция бөлімін аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан жасөспірімдерді Келес АПБ қызметкерлері алдағы уақытта заңды сақтап, жол ережесін бұзбауға шақырды.




null


null

Жоғары қарай