Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Түркістан облысының МӘМС мамандары екі ауданда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2019 жылдың 18 қазан 2019 11:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – МӘМС мамандары Түркістан облысындағы Қазығұрт және Төле би аудандарында халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев бастаған топ медициналық сақтандыру жүйесі мен тегін медициналық көмек туралы айтып өтті.

Жиында Мұқан Егізбаев аталған жүйе жүзеге асқан соң, медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсаратынын жеткізді. Яғни, медициналық мекемелердің арасында бәсекелестік артып, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бағасы қымбат болып келетін оталар мен сирек кездесетін медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды медициналық қызметтерді сақтандырылған азаматтар ғана пайдалана алады.

«МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПТР (полимераздық-тізбекті реакция)-анализ сынды қызметтер де енгізілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқаттарға шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмектер осы пакет шеңберінде көрсетіледі.




Айта кетерлігі, еліміздегі кенжелеп қалған медициналық оңалту, қалпына келтіру көмектері жоғары тарифтермен кең ауқымда көрсетіледі», - деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Сала басшылары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушылары бола отырып, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етілетінін айтады.

«Жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады. Сондықтан МӘМС жүйесіне қатысу үшін олар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасауы қажет», – деді Асхат Бейсенбаев.

Жоғары қарай