Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Түркістан облысының Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 12:11 654

  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Нұрдәулет Еркінұлы Исабек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрдәулет Еркінұлы 1974 жылы 29 тамызда  Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты  Сұраншы батыр атындағы ауылында туған.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасында оқу шебері болып бастаған. 

1999-2018 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушы, меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Магистратура және аспирантура» бөлімінің меңгерушісі, шығармашылық істер және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипендианты,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат - колледжінің басшысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры қызметтерін атқарған.

Ол 2018 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін  басқарып келген.

 

 

Жоғары қарай