Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Түркістан облысының Келес ауданында көкпардан чемпионат өтті

2020 жылдың 23 ақпан 2020 19:34

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында көкпардан облыстық чемпионат өтті.

Жарысты «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Көкпар» федерациясы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңістің 75 жылдық» мерекесіне арналған чемпионатқа 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Спорттық шарада Келес, Жетісай, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының командалары бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен облыстық «Көкпар» федерациясының президенті Нұрмахан Жолдасов құттықтау сөз сөйлеп, жас шабандоздарға сәттілік тіледі.








Өнерлі жастарға аттарының тұяғы сүрінбей, жарыста мықты команда жеңімпаз болсын, деген жылы лебізін білдірді. Тартысты өткен жарыстың қортындысымен жүлделі үшінші орынды Жетісай ауданы, екінші орынды Келес ауданының құрамасы иеленді.








Ордабасы ауданының құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі орын алған командалар мен үздік деп танылған шабандоздар және жарысты ұйымдастыруға қол ұшын берген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Көкпар» федерациясының грамоталары мен сыйлықтары тапсырылды.









Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт, Түркістан облысы,
Жоғары қарай