Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Түркістан облысының дәрігерлеріне шипажайға 100 жолдама берілді

2019 жылдың 15 маусым 2019 20:32 887

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медициналық қызметкерлер қатысты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аймақ басшысының орынбасары  Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған мамандарға  «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, бірқатар медицина қызметкерлері  Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бірнеше дәрігерге «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері тапсырылды.

«Түркістан облысы әкімінің атынан үздік дәрігерлер, өз ісінің шеберлері шипажайға 100 жолдама алады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы халық денсаулығының негізгі индикаторлары бойынша Сіздердің әрқайсыңыздың жұмыстарыңыздың арқасында Түркістан облысында оң серпін байқалады. Мемлекет қолдауының арқасында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бұл жаңа, заманауи ауруханалар мен емханалардың құрылысы, сондай - ақ медициналық мекемелердің заманауи материалдық - техникалық жарақтандырылуы», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев.

Мерекеге орай Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев медицинаның ең лайықты өкілдеріне мемлекеттік наградалар, Денсаулық сақтау министрлігінің медальдарын, облыс әкімінің грамоталарын табыстады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне ноутбук тарту етілді. Байқау қорытындысы бойынша "Үздік терапевт", "үздік хирург", "Үздік акушер - гинеколог", "Үздік педиатр", "үздік функционалдық диагностика дәрігері", "Үздік зертханашы" және "Үздік ауылдық дәрігер"марапатталды. "Үздік емхана" атағына Түркістан қаласының орталық емханасы иеленді, ал Жылдың үздік ауруханасы болып Шардара ауданының орталық ауруханасы атанды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев аймақтың денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін айтарлықтай қаражат бөлінетінін атап өтті.

«Мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып келетін денсаулық сақтау саласын биыл материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары күтіп тұр. Сондай- ақ, өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға күш саламыз»,- деді Мұқан Егізбаев.

 

 

 

Жоғары қарай