Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Түркістан облысындағы жедел штаб 36 мыңға тарта азаматты тексерді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 23:36

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Полиция департаментіндегі жеке құрамның қызметі ерекше жағдайға көшіріліп, тоқтаусыз жұмыс жүргізілуде. Өңірде аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режімдік әрі ерекше қорғалатын және халықтың тыныс-тіршілігін, көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандар толық күзетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Түркістан облысы әкімінің жанынан жедел штаб құрылған. Аймақта өзге қалалардан келген азаматтарды, көліктерді тексеріп өткізу мақсатында Түлкібас ауданында «Шақпақ» және Кентау қаласы аумағына «Сауран» шеп бекеттері қойылған. Сондай-ақ, азаматтарды есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгіннің өзінде бұл бекеттерден 13 296 автокөлік пен 35 976 азамат тексеріліп өткізілген.

Бұдан бөлек, облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 54 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, жыл басынан короновирусқа қатысты полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен (Көрінеу жалған ақпарат тарату) 7 қылмыстық іс қозғаған. Барлық қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр.

Жалпы Түркістан облысының аумағында ірі сауда орталықтары мен базарлар, автовокзалдар мен мега орталығы, оның ішінде 1 кинотеатр мен кафе-бар орналасқаны белгілі. Төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орталықтарының қызмет көрсету уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге, базарлар 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелген. «Мега» сауда ойын-сауық орталығындағы кинотеатр жұмысы карантинге байланысты тоқтатылса, 1 133 кафе-барды сағат 22.00-ден кейін жабу жұмыстары жүргізілуде.

Жоғары қарай