Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Түркістан облысында жүк көліктеріне қатысты рейдтік шаралар өтуде

2019 жылдың 7 тамыз 2019 22:54 178

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының Полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпаратөңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында 1157 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалды, нәтижесінде 24 миллион 891 мың теңге сомасында айыппұл салынып, оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген.

Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б.) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалымен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүруде. Сондай-ақ, жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.





Жоғары қарай