Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Түркістан облысында Түркияның азаматы із-түссіз жоғалып кеткен

2019 жылдың 22 сәуір 2019 21:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен Түркия азаматын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік азаматты іздеп таппаған жерлестері оның жоғалғаны туралы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданған. Белгілі құрылыс фирмасының жұмысшысы тәртіп сақшыларына Топал Ибрахимнің Митцубиси маркалы автокөлігімен Шымкенттегі әуежайға барып келемін деп, із-түссіз жоғалып кеткенін көрсеткен.

«Бәйдібек АПБ-ның жеке құрамы жоғалған азаматты табу мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде 36 жастағы түркиялық азамат табылып, туыстарына табысталған. Ол өзінің қайтар жолда адасып кеткенін жеткізген. Әріптестерімен аман-есен қауышқан шетелдіктер аудандық полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай