Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ - ТЖД

2019 жылдың 5 наурыз 2019 18:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында су басу қаупі жоқ. Тұрғындарға еш қауіп төнбейді. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің хабарлауынша, облыста су басу қауіпі бар 64 нысан болса, оның барлығы тиісті деңгейде тұрақты бақылауға алынған. Өңірдегі су қоймалары мен өзендердің су режиміне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су қоймаларының орташа толуы 40-45 пайызды құрайды. Тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлар бар, ал өзендердегі судың өтуі орта деңгейден төмен. Сонымен қатар, аймақтағы тасқын қаупі жағдайын анықтау мақсатында таудағы мұздық көлдердің және қар қорының жағдайына аэровизуалды және жер үсті зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеулер нәтижесінде биыл өткен жылмен салыстырғанда қардың түсуі 13 пайызға төмен екені анықталған.

Одан бөлек, Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін және тұрғындардың улы газдан уланудың алдын алу мақсатында да бірқатар жұмыстар атқаруда. Жыл басынан бері аптаның әр сенбісі облыс аумағында «Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі» күні болып белгіленді. Осы күні департамент гарнизонының барлық жеке құрамы қала, ауыл, елді мекендердегі тұрғын үйлерді аралап улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«2018-2019 жылғы жылыту маусымы басталғалы мамандар 76 мыңнан астам тұрғын үйді аралап, 302 мыңға жуық адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарынан арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік шаралары ескертілуде» делінген хабарламада.



Жоғары қарай