Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

Түркістан облысында шетелге шыға алмаған борышкерлер қатары 200 мыңға жетті

2018 жылдың 23 шілде 2018 20:54 91

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қарызы үшін шетелге шыға алмағандар қатары 200 мыңға жеткен. Бұл туралы өңірдің Кірістер департаментіне қарасты борышкермен жұмыс басқармасының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Әбіт Бекжігіттің айтуынша, түрлі қарызы бар азаматтардың қатары жылдан жылға артып отыр. Жыл басынан бері борышкерлердің бюджетке берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен. Салық кодексіне сәйкес, борышкерлердің берешегін жою мақсатында олардың мүліктерін сату арқылы қарыздарды қайтару қарастырылған.

«Бұл ретте ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде 853 борышкерге қатысты жалпы 1,9 млрд теңгеге мүлікті сату актісі түзілген. Берешек сомасы толық өтелуіне байланысты 695 борышкердің 1,2 млрд теңге тұратын мүлкі сатудан алынды», - дейді Әбіт Бекжігіт.

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Жоғары қарай