Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Түркістан облысында салмақты асырып жіберген жүк көліктеріне айыппұл салынуда

2019 жылдың 24 сәуір 2019 20:15 548

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы облыстық маңызы бар жолдарда шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейд шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейд шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның мақсаты - автомобиль жолдарының сапасы мен жол қауіпсіздігін сақтау болмақ.
Рейдке облыстық Полиция департаменті, көлік прокуратурасы, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инпекциясы, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазығұрт ауданындағы біркүндік рейд нәтижесінде 5 хаттама толтырылып, заңды бұзған жүргізушілерге айыппұл салынды. Аталған рейдтік шара облыстық жолдарда жалғасатын болады.



null 

 

 

Басты сөздер: Түркі елдері, Көлік,
Жоғары қарай