Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Түркістан облысында прокурорлар 3300 га жерді мемлекетке қайтартқызды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 21:34

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында прокурорлар 3300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекетке қайтартқызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес (2009 жылдың 13 ақпанында енгізілген өзерістерге сәйкес) ерекше жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер учаскелеріне жеке меншікке немесе пайдалану құқығын беру - тек сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Алайда жалпыға міндетті заң талаптарын орындамай, мыңдаған гектар жайылымдық және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Шардара ауданы әкімдігі үшінші тұлғаларға ұзақ мерзімге өтеулі құқығымен пайдалануға конкурс (аукцион) өткізбестен, заңсыз табыстаған.

Аталған жерлерді жалға беру келісімшарттарын жарамсыз деп тану туралы Түркістан облысының жер инспекциясы сотқа талапмарыздар берген.

Бірақ Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл жағдайға басқаша қарап, талап арыздарды беру мерзімдердің өтуіне сілтеме жасап, бірнешесін негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған.

Облыс прокуратурасының өтінішхаттары негізінде апелляциялық сатылы сотымен жоғарыда көрсетілген сотының үш шешімі бұзылып, талап арыздар қанағаттандырылды.

Нәтижесінде 3300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды.

Жоғары қарай