Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Түркістан облысында полицейлер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2020 жылдың 15 ақпан 2020 14:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында тәртіп сақшылары тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияда келушілерге жол белгілерінің реттілігі, жүргізуші куәліктерін бірінші рет алу немесе ауыстыру, автокөліктерді тіркеу заңдылығы айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан шетел көліктерін мемлекеттік тіркеу мен айыппұлдарды төлеу, көші-қон қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, «Жолда қабылдау» акциясын өткізу арқылы азаматтармен ашық қарым-қатынас орнатылып, полицейлерге деген сенім ұлғайған.




«Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталғалы 1 жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта тұрғындар толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, өз мәселесін шешуде. Бүгінгі өткізілген іс-шарада да жұртшылық өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, кеңес алды. Барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы акцияның басты мақсаты - тұрғындарға құқықтық кеңестер беру, жергілікті полиция қызметіне азаматтардың сенімін арттыру, құқық қорғау органы қызметкерлері мен азаматтар арасындағы байланысты нығайту болып табылады»,- дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау орындарында және аудан, қалалық полиция басқарма, бөлімдерінің жанынан құрылған халықтық-кеңселерде қабылдауда. Аталған шара бүгін кешкі сағат 19:00-ге дейін кезексіз жалғасады. Облыс тұрғындары кез келген полицейлерге қатысты сауалдарын қойып, нақты жауап алуға мүмкіндігі бар.





Жоғары қарай