Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түркістан облысында көлік қаққан бүлдіршін мерт болды

2019 жылдың 12 қараша 2019 16:09

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Ордабасы ауданында кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қайғылы жағдай кеше кешкісін Бадам ауылында болған. Балабақша жасындағы баланы «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Оның Ордабасы ауданының тұрғыны екені анықталды.

«Жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін ешқайда кетпеген. Ол қазір көлік уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиға ҚР ҚК-нің 345 бабы »Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы« бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Салтанат Қаракөзова.
Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай