Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Түркістан облысында биыл 1,4 мың шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 20:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биыл 1400 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 16 746,9 шақырым. 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 1 705,1 шақырым жол мен 11 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін 585 нысан, яғни 1 391,8 шақырым жол пайдалануға берілмек», делінген хабарламада.








Облыс орталығы - Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы – 845 шақырым. Биыл Түркістан қаласының көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен – 6,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 12,6 шақырым құрайтын 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, қалада 70 шақырымды құрайтын 63 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Бұдан өзге, 96,23 шақырымдық 83 көшеге тас төсеу жұмыстары жүруде.








Жоғары қарай