Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Түркістан облысында балалар арасындағы суицид көрсеткіші төмендеді

2020 жылдың 18 ақпан 2020 03:41

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан облысында былтыр балалар арасындағы суицид көрсеткіші 32%-ға азайған. Бұл турады Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясында басталған курс барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу, психологтарға жылдар бойы авторлар тарапынан түрлі апробациядан өткізілген тәжірибелік әдістемелермен таныстыру мақсатында басталған жаңа жоба өңірдегі мектеп директорлары мен олардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және психологтардың басын қосты.

Оған Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің басшылығы, оқу білім ордасының ғалымдары мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысылы, прокуратура өкілдері қатысты. Курс барысында ұстаздар 2 апта бойы әлемдік тәжірибеге бағытталған психологиялық амалдармен танысады. Жиналған мамандар мен сарапшылар осы бағыттағы ғылыми тәжірибелерімен, шешу жолдарымен бөлісті.

Түркістан облысы басшылығының тікелей бақылауындағы мәселе бойынша бірнеше бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Бестерек» жобасы.

Оның аясында мыңнан астам педагог-психолог кезең-кезеңімен дайындықтан өтуде. Дайындықтан кейін мамандар «тәуекел тобына» жататын балалар мен олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетуде.

Айта кетейік, 2018 жылы облыста 106 суицид тіркелсе, оның 41-і қайғылы жағдайда аяқталған. Былтыр бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеді.


Басты сөздер: Қоғам, Түркістан облысы,
Жоғары қарай