Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Түркістан облысында 3-ші қабаттан сәби құлап кетті

2019 жылдың 14 шілде 2019 13:30 229

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 13 маусым күні Түркістан облысының Кентау қаласындағы 5 қабатты үйдің үшінші қабатынан сәби құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Сейфуллин көшесінде болған. Ата-ананың қарауынсыз қалған 2018 жылы туған сәби терезеден құлаған соң шетінеп кетті.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға мұндай оқиғалардың көп жағдайда балалардың ата-анасының қарауынсыз қалған кездерінде болатындығын және оның алдын алу үшін назарда ұстау қажет біртқатар міндеттерді атады.

Атап айтқанда: балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек және шыбын-шіркейден қорғайтын перделер (москитные сетки) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындығын есте ұстау керек. Керісінше олар осындай жағдайларды орын алуына себепші болады. Себебі пердені бала тіреу болатын дүние деп түсінеді. Егер Сіз сәбиіңізге терезеден қызықты бірдеңені көрсеткіңіз келсе, оны жақсылап ұстап тұруыңыз керек және баланың кенеттен болатын қимылдарына дайын болғаныңыз жөн. Бөлмені желдеткенде де балалардың қауіпсіз жерде екеніне сенімді болыңыз. Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер! Ұйықтап жатқан баланы қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені ол кез келген уақытта оянып кетіп, терезе ұмтылуы мүмкін. Үй жиһаздарын да мүмкіндігінше терезеден алысырақ орналастырған жөн.

Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай